Машина кепілімен берілетін кредит — ақша қаражатын алу және автомобильді бұрынғыдай пайдалана беру мүмкіндігі. Жалғыз шектеу: мұндай автомобильді сатуға немесе айырбастауға болмайды. Шарт қолданыста болатын мерзім ішінде кредит сомасын өтеп, сіз қайтадан машинаның толыққанды иесі боласыз.
Mogo-мен ынтымақтастықтың ыңғайлылығы: операциялардың басым бөлігін қашықтан жүргізуге болады. Сайтта өтінімді ресімдеу көп дегенде 5 минут уақыт алады. Оны қарастырудың нәтижесі бір сағат ішінде дайын болады.
Содан кейін офиске келіп, құжаттарға қол қою қажет. Біздің компания Қазақстанда автомобиль кепілімен берілетін ең жылдам кредитке кепілдік береді!
Mogo — 18 елде филиалдары бар халықаралық компания. 2012 жылдан бастап кредит беру және лизинг бойынша қызмет көрсетеді. Осы уақыт ішінде оның қызметтерін 115 000-нан астам адам пайдаланған. Автомобиль кепілімен кредит алу үшін немесе басқа қызметтерді пайдалануға шарт жасау үшін компанияның Алматы, Шымкент қалаларындағы өкілдіктеріне хабарласыңыздар.
Шұғыл ақша қажет, ал машинаңызды сата алмай жүрсіз бе? Пайдалану құқығын сақтай отырып, автомобиль кепілімен кредит алуды ұсынамыз. Уақытыңызды өткізбей, өтінім қалдырыңыз!
Біз тез әрі оңтайлы жұмыс істейміз! Кез келген клиенттің өтінімін бір сағат ішінде қарастыратынымызға кепілдік береміз! Ақшаны дәл сол күні біздің филиалдарымыздың бірінде береміз немесе банктік шотыңызға аударамыз.
Mogo қызметтерін пайдалана отырып, Сіз өз автомобиліңіздің объективті сараптамалық бағасын ала аласыз. Автомобильдің нарықтың құнының 100%-на дейін немесе 7 000 000 теңгеге дейін кредит береміз! Сіздің бастапқы жарнаңыз автокөліктің бағаланған құнынан 10% бастап құрайды. Бастапқы жарна - бұл кепілзаттың және алғашқы төлемнің жоғалу қаупін азайту үшін құрал үшін төлемдер жиынтығы. Нақты есептеулер үшін менеджерге хабарласуыңызды сұрайсыз.