Жиі қойылатын сұрақтар

Барлық өнімдер туралы сұрақтар

Автомобиль кепілімен кредит алу бойынша Mogo қандай талаптар ұсынады?

Ынтымақтастықтың айқын және ыңғайлы талаптарын ұсынамыз. Бастапқы жарна 3 айдан 84 айға дейінгі мерзімге шарт жасаймыз. Кредиттің ең үлкен сомасы — 7 000 000 ₸. Сіздің алғашқы жарнаңыз автокөліктің бағаланған құнының 10% бастап құрайды. Нақты есептеулер үшін менеджерге хабарласуыңызды сұрайсыз.

Автомобильді кепілге қойып, кредитті қалай алуға болады?

Автомобиль кепілімен берілетін кредитті алу үшін mogo.kz сайтында немесе Мogo-ның өзіңізге жақын жердегі филиалына келіп, сәйкес өтінімді толтырыңыз. Өтінім бергеннен кейін біз Сізбен жұмыс уақытында хабарласамыз. Өтінім мақұлданған жағдайда, қажетті құжаттарды тапсыру және шарт жасау үшін Мogo-ның филиалына келу қажет.

Автомобильді бағалау қалай жүргізіледі?

Автокөліктің визуалды бағалауы автокөліктің орташа нарықтық бағасына сүйене отырып, Мого-ның кез-келген филиалында жүзеге асырылады.

КАСКО сақтандыру қажет пе?

КАСКО сақтандыру қажет емес.

Шарт жасағаннан кейін де автомобильді пайдалана аламын ба?

Шартты жасағаннан кейін машинаңыз өзіңізде қалатын болғандықтан, оны пайдалануды жалғастыра аласыз.

Егер менің басқа да кредиттік міндеттемелерім болса, автомобиль кепілімен кредит беру туралы өтінім беруіме бола ма?

Егер Сіздің кірісіңіз бен шығысыңыздың қатынасы өзіңізге қосымша кредиттік міндеттемелер алуға мүмкіндік беретін болса, алуға болады.

Мogo-ның автомобильге кепіл құқығын тіркеу бойынша шығыстарды қай тарап төлейді?

Кепіл құқығын тіркеу бойынша барлық шығыстарды клиент төлейді.

Менің кредитім бойынша сыйақы мөлшерлемесі қандай болады?

Кредит сомасына және автомобиль құнына байланысты жылдық тиімді пайыздық мөлшерлеме 56%-ға дейін.

Автомобиль кепілімен берілетін кредитті қай жерде алуға болады?

Автомобиль кепілімен берілетін кредитті Mogo-ның Алматы және Шымкент қалаларындағы бөлімшелерінде алуға болады.

Кредит бойынша ай сайынғы төлемді қалай төлеуге болады?

Кредит бойынша ай сайынғы төлемді төменде көрсетілген тәсілдердің өзіңізге ыңғайлы кез келгенімен төлеуге болады:
- банктік ақша аудару
- Мogo-ның кез келген филиалында кассаға қолма-қол ақша салу
- PayBox және Beeline жүйесінің көмегімен онлайн төлем жасау («Берешекті өтеу» батырмасы біздің сайттың төменгі жағында)
- Сбербанк терминалдары арқылы төлеген кезде, төлем шотында қарыз алушының ЖСН-iн көрсету қажет, сол арқылы біз ақшаны қажетті шотқа жібере аламыз.

Ай сайынғы төлемді төлеген кезде, ол қанша уақытта Мogo-ға түседі?

- Егер төлем банктік аударым арқылы жасалған болса, ақшаның Мogo-ға ақшаны жөнелтуші банк белгілеген мерзімде түсетінін ескерген жөн.
- Төлемді Мogo-ның филиалына келіп, касса арқылы қолма-қол төлеген кезде, төлем бірнеше минут ішінде түседі.
- PayBox жүйесі арқылы төлем жасаған кезде, ақша қаражаты бір жұмыс күні ішінде түседі.
- Сбербанк терминалдары арқылы төлем жасаған кезде , қарыз алушының ЖСН-iн төлем деректемелерінде көрсеткен болсаңыз, ақша бір жұмыс күні ішінде түседi.

Кредитті мерзімінен бұрын төлеуге бола ма және ол үшін комиссия алына ма?

Мораторий және комиссия жоқ.

Кредитті өтей алмайтын болсам, не істеймін?

Тез арада бізге хабарласыңыз. Біз сізбен мәселені шешудің барлық мүмкін жолдарын: төлем жасау кестесін қайта қарау, ағымдағы төлемді ішінара төлеу немесе кепілге берілген автомобильді сату мүмкіндігін қарастырамыз.

Автомобильге жүктелген ауыртпалықты (кепілді) қалай алып тастауға болады?

Несиені толық төлегеннен кейін Сіз Мого филиалына хабарласуыңыз керек, ол жерде бір жұмыс күн ішінде Сізге автокөлікті ауыртпалықтан алып тастау үшін барлық қажетті құжаттар беріледі.

Кредитті алғаннан кейін менің байланыс ақпаратым өзгерген болса, не істеу керек?

Байланыс деректері өзгерген жағдайда, тез арада бізге хабарласуды өтінеміз:
- + 7 727 333 10 33 немесе 7770 (тегін) телефон нөміріне қоңырау шалу
- ok@mogo.kz пошта мекенжайына хабарлама жөнелту
- Мogo филиалына келіп, жаңа байланыс деректерін хабарлау.

Бастапқы жарна дегеніміз не?

Бастапқы жарна - бұл кепілзаттың және алғашқы төлемнің жоғалу қаупін азайту үшін құрал үшін төлемдер жиынтығы. Нақты есептеулер үшін менеджердге хабарласуыңызды сұраймыз.

“MOGO Kazakhstan» ұсынатын қызметтер туралы ақпарат:
1. Біз автокредиттер мен автомобиль кепілімен (автокепіл) қарызға ақша ұсынамыз. 2. Кредиттеу сомасы: 300 000 теңгеден 7 000 000 теңгеге дейін 3. Борышты өтеу кезеңі: 3 айдан 84 айға дейін 4. Кредит бойынша мөлшерлеме СЖТМ - 56%-ға дейін. 5. Кредитті мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеу үшін кемінде комиссия алынбайды.
6. Егер Сіз кредитті уақытылы төлей алмайтын болсаңыз, тез арада бізге хабарласыңыз. Біз сізбен мәселені шешудің барлық ықтимал жолдарын, яғни төлем жасау кестесін, ағымдағы төлемді ішінара өтеу немесе кредит сізге ыңғайлы болмаса, кепілге берілген автомобильді сату мүмкіндігін қарастырамыз. 7. Автокредит үлгісі: Қаржыландыру сомасы: 2 500 000 теңге Қарыз мерзімі: 24 ай Аай сайынғы төлем – 158 969 теңге GPS мөлшері жеке есептеледі 8. Сіздің бастапқы жарнаңыз автокөліктің бағаланған құнынан 10% бастап құрайды. Бастапқы жарна - бұл кепілзаттың және алғашқы төлемнің жоғалу қаупін азайту үшін құрал үшін төлемдер жиынтығы. Нақты есептеулер үшін менеджерге хабарласуыңызды сұрайсыз.